Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ренжімейтін болдым": Жазира Байырбекованың желідегі жазбасы елді ойландырып қойды

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/ zhazira_bairbekova

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, бүгінде жолдасы шұлығын қайда шешіп кетсе де ренжімейтін болғанын айтты. Оған марқұм Бейғазы Тұтқабековтың әйелінің оқиғасы әсер еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова "Серпер" тобының мүшесі болған марқұм Бейғазы Тұтқабековты есіне алып, Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Өнер иесі оның қазасынан кейін әйелі қандай күйде болғанын айтты. Сөзінше, марқұмның жарының әңгімесі оған ерекше әсер еткен.

"Марқұм Бейғазының әйелі Гүлшат үйін жинап жүріп бірнеше жыл қозғалмаған шифонердің артынан өмірден өтіп кеткен күйеуінің шұлығын тауып алады. Отыра қалып, иісіне де, кіріне де қарамай иіскеп, аңсап жылайды. Гүлшаттың осы әңгімесі мәңгі есімде қалып қойды. Содан бері күйеуім шұлығын қай жерге шешіп кетсе де ренжімейтін болдым", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Желі қолданушылары әншінің жазбасынан кейін ойға түсіп, жақындарын тірі кезінде бағалауға шақырды.

"Шіркін-ай мен де тауып алсам ғой шұлығын", "Қасиетті әйел заты ұлығы, іс-әрекетпен таусылмайтын қулығы. Ер азаматқа ренжімеңдер, әйелдер, әр жердің көркі болып, шашыла берсін шұлығы", "Бұл да дұрыс шығар. Кейде шын ренжіп жатамыз. Бірақ ойлап отырсаң оның жатқаны да, бар болғаны да жақсы екен ғой. Енді менде ренжімейтін боламын", "Расымен тірі кезінде бағаламай, өмірден өткен соң осындай дүниелерге зар болып жатамыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124135-renzhimeitin-boldym-zhazira-baiyrbekovanyng-zhelidegi-zhazbasy-eldi-oilandyryp-qoidy/