Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдайға тапсырдым": блогер Карина Оксукпаеваның алты айлық баласына ота жасалды

Жарияланған күні:

Карина Оксукпаева
Карина Оксукпаева. Фото: instagram.com/oksukpaevak

Отандық танымал блогер Карина Оксукпаева алты айлық баласымен ауруханаға түсті. Желі жұлдызының ұлына шұғыл түрде ота жасалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Карина Оксукпаева отбасындағы жағдай туралы Instagram желісінде оқырмандарына айтып берген. Ол ауруханаға түскен күннен бастап, желі қолданушыларымен байланыста болған.

"Ұлым оянса менен бақытты адам болмайтын шығар. Дамир үшін дұғада болыңыздаршы, өтінемін. Балам жазылып кетсінші", - деп жазды желі жұлдызы.

Карина Оксукпаеваның Stories-i
Карина Оксукпаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/oksukpaevak

Бірқатар медициналық тексерістен кейін дәрігерлер желі жұлдызының ұлына ота жасауды шешкен.

"Ота жасайтын бөлмеге алып кетті. Құдайға тапсырдым. Инфекция салдарынан Дамирдің ішектері түйіліп қалған. Қазір наркоздан оянып жатыр", - деп жазды Карина.

Отадан кейін блогер ару баласы үшін уайымдап жатқандарға оның қазіргі жағдайын айтты. Ол баласымен ауруханада түскен видеосын жариялап, денсаулығы қалпына келе бастағанын жеткізді.

"Жаным балам, осы екі тәулік ішінде көрмегенің жоқ. Бүгін менен бақытты адам жоқ", - деген жазба қалдырды ол.

Карина Оксукпаеваның Stories-i
Карина Оксукпаеваның Stories-i. Скриншот: Instagram/oksukpaevak

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124366-qudaiga-tapsyrdym-bloger-karina-oksukpaevanyng-alty-ailyq-balasyna-ota-zhasaldy/