Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзегің күйіп бара жатса да шындығы солай": Айдарбекова ұлын "той әншісі" деп сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова
Қайрат Нұртас пен анасы Гүлзира Айдарбекова. Видеодкан кадр: Instagram/ kair_n

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты "той әншісі" деп сынға алғандарға жауап берді. Әншінің анасы жағымсыз пікір жазған оқырманды орнына қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты сынаған оқырманына Instagram-дағы парақшасында жауап берді. Продюсер баласының өнер жолындағы жетістігін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.

"Той әншісі деп қанша мұқатсаң да, тура Қайрат сияқты әлі ешкім 18 жыл бойына алдына адам салған жоқ. Оның бүкіл концерті аншлагпен өтеді. Бүкіл әні хит, өзегің күйіп бара жатса да шындығы солай. Қайраттай болып алыңдаршы. Одан кейін неге керексіз жерге тұмсығыңызды тығып, маған қадалып отырсыз? Ұнамасам, менен мін іздеп әлек болмай, ұнайтындарыңызды оқып отыра беріңіз. Дәл сен елге де, маған да, ақыл айтпай-ақ қойшы?! Менің әрбір сөзімді аңдымай өз міріңмен алысшы ", - деп ашуға булықты әншінің анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124804-18-zhyl-aldyna-adam-salgan-zhoq-aidarbekova-qairat-nurtasty-toi-anshisi-dep-synagandarga-zhauap-berdi/