Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұлының арманын орындады

Жарияланған күні:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова желіде ұлымен түскен видеосын жариялап, баласының асқақ арманын орындағанын айтты. Желі қолданушылары жұлдызды анаға тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова отбасылық видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің ұлымен бірге әуе шарымен теңіздің үстінен ұшып бара жатқанын көруге болады.

Эстрада жұлдызы бұл баласының асқақ армандарының бірі болғанын айтты.

"Баламның арманын орындадым! "Жанымда бол!" Салтай менің ер жүрегім! Әр баланың армандары орындалып, бақытты болсын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ұлының армандарын бірінен соң бірін орындап жатқан Әуелбековаға тәнті болып, жылы лебізін білдірген.

"Керемет. Ана деген баланың арманын орындаудан шаршамау керек", "Мөлдір жарайсыз, жалғыз өзіңіз-ақ балапандарыңызды көтеріп келе жатырсыз", "Уау, қандай күтшті", "Салтай бақытты бала", "Телефонның ар жағынан маған қорқынышты болып тұр. Салтай расымен ер жүрек екен", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2124879-anshi-moldir-auelbekova-ulynyng-armanyn-oryndady-video/