Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп нәрсені үйрену керек": Айгүл Иманбаева үй шаруасына қандай екенін айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: Instagram/ aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші Айгүл Иманбаева желіде жаңа жазба жариялап, үй шаруасына қандай екенін айтты. Өнер иесі өзін пысық келіншектер қатарына жатқызбайды екен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева үй шаруасында әлі үйренері көп екенін жасырмады. Эстрада жұлдызының Instagram-дағы парақшасындағы жазбасы елді ойландырып қойды. Әнші үй шаруасындағы жұмыстарды меңгеру болашақта өзіне аса қажет екенін айтып қалды.

"Мына фотоға кәдігімгі үй шаруасына пысық әйел болып түсейінші деп едім, болмай қалған сияқты. Барлық шаруаға үлгеретін пысық келіншектерге қарап қызығамын. Негізі үй шаруасына қатысты көп нәрсені әлі де үйрену керек екен. Себебі керек", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары актрисаның жазбасына қатысты түрлі пікрі білдірді.

"Осы жасқа дейін үй шаруасына икемі жоқ әйел бола ма екен", "Неге керек екен? Тұрмысқа шығайын деп жатырсыз ба?", "Сізде пысықсыз ғой", "Үйренерім көп деп мойындау да ерлік. Үйренудің еш кеші жоқ", "Демек тағы да отбсылы болу ойыңызда бар болып тұр ғой", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2125458-kop-narseni-uirenu-kerek-aigul-imanbaeva-ui-sharuasyna-qandai-ekenin-aitty/