Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де жыладым": Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға қазақ тілінде ән арнады

Жарияланған күні:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: instagram.com/dilnaz_akhmadiyeva

Қазақстандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Өнер иесі бейнебаянның үзіндісін Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева Салтанат Нүкеноваға арнап шығарылған әнін барша тыңдармандарына ұсынып, марқұм келіншекке қатысты қайғылы жағдайға пікір білдірді.

"Бұл жантүршігерлік жағдай туралы бүкіл елмен бірге білдім. Мен де жыладым, ұйықтамадым, уайымдадым, дұға еттім. Бірақ бұл жағдайда бар қолымнан келгені - Салтанатқа арнап ән жазу.

Айтбек сізге ризамын, алғысым шексәз. Отбасыңызға бұл үлкен ауыр соққы әрі сынақ болды. Сіздерген денсаулық пен күш-қуат тілеймін. Бұл ән жүрекке жетеді деген үміттемін", - деп жазды Ахмадиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126661-men-de-zhyladym-dilnaz-ahmadieva-marqum-saltanat-nukenovaga-qazaq-tilinde-an-arnady/