Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасындай әйелдерге жазады": танымал тележүргізуші жас жігіттердің әрекетіне шамданды

Жарияланған күні:

Есенәлі
Әйкерім Есенәлі. Фото: Instagram/yessenali_aikerim

Отандық тележүргізуші Әйкерім Есенәлі махаббаттағы жас айырмашылыққа қатысты ойын айтты. Ол Instagram желісіндегі парақшасында анасындай әйелдерге жазатын жас жігіттерге үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Журналист өзіне "Раим мен Еркенің жолын көрмедік пе?" деп жазған оқырманына жауап берді.

"Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады.

Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?" - деді Әйкерім Есенәлі.

Тележүргізуші өзі ажырасқанымен, отбасы институтының қадір-қасиетін жоғары санайтынын айтты. Ол өз сөзінде отбасы беріктігінің маңызы зор екеніне де баса назар аударды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126760-anasyndai-aielderge-zhazady-tanymal-telezhurgizushi-zhas-zhigitterding-areketine-shamdandy/