"Тәуекел етіп, ота жасаттық": Асхат Тарғын әкесінің денсаулығы сыр бергенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Асхат Тарғын әкесінің денсаулығы сыр беріп, оған ота жасатуға тура келгенін айтты. Өнер иесі асқар тауы әкесінің денсаулығына қатты алаңдайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Асхат Тарғын отбасындағы жағдай туралы жан сырын Instagram-дағы парақшасында ақтарды . Шоу-бизнес жұлдызы әкесіне ота жасалғанын хабарлап, көпшілікке оның қазіргі жағдайын айтты.
"40 жыл бұрын әкемнің мойын жағына бір ісік пайда болған еді. Сол уакыт өте үлкейіп, тыныс алуы ауырлап жүр еді. Не болса да, тәуекел етіп, ота жасаттық. Аллаға сансыз шүкір! Ота сәтті шықты, жағдайы жақсы. Кеше емханадан үйге шықты. Ата-анамызды тірісінде құрметтейік ағайын ", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, әкесінің тез сауығып кетуін тіледі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126769-tauekel-etip-ota-zhasattyq-ashat-targyn-akesining-densaulygy-syr-bergenin-aitty/