Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарыз алып, көлігімізді саттық": Серік Ибрагимовтің фильміне Бесбаевтың демеушілік еткені рас па

Жарияланған күні:

Серік Ибрагимов
Видеодан кадр: Youtube/НТК

Қазақстандық танымал әнші Серік Ибрагимов енді кинопродюсерлікке бет бұрып, бүгінде тырнақалды туындысын түсіріп жатыр. Өнер иесі "Заман-Back" атты фильміне қолдау білдіріп, жобасына демеушілік еткен жандарды атады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы тырнақалды туындысына өнердегі ағасы Мейрамбек Бесбаевтың қолдауы ерекше болғанын жасырмады.

Сонымен қатар Ибрагимов өзі де қарық алып, көлігін сатқанын айтты.

"Осыған дейін жинаған абыройымыз бар. Мейрамбек ағамыз қолдап, ақыл-кеңесін беріп, таныс-тамырларынан белгілі бір мөлшерде қарыз алып, көлігімізді саттық. Жоқтан бар жасап, кино түсіріп жатқан жайымыз бар. Ауылда Абзал Атағожаев деген інім бар. Үш-төрт жыл ақша жинап, 2022 жылғы көлік сатып алған. Кореядан 12 жарым миллионға алыпты. Соны бір ай ғана жүргізіп, мен үшін сатып жіберді", - деді әнші "Revue News" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126793-qaryz-alyp-koligimizdi-sattyq-serik-ibragimovting-filmine-besbaevtyng-demeushilik-etkeni-ras-pa/