Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағатсыздана тосып жүрмін": Димаш Әділет жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Димаш Әділет
Фото: Instagram/dimashadilet

Талай қыздың арманына айналған Димаш Әділет жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды. Желі жұлдызы әлі күнге дейін бойдақтар тізімінде екенін растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Әділет жеке өміріне қатысты бар шындықты "Revue News" бағдарламасында айтты. "Холостяк" жобасының қатысушысы әлі күнге дейін өз сүйіктісін жолықтыомаған болып шықты.

"Арманымдағы аруды кездестірмедім. Әлі күнге дейін бойдақпын. Бұл статустан қашан құтылатынымды білмеймін. Өзім де тағатсыздана тосып жүрмін. Әзірге еш нәтиже жоқ", - деді блогер.

Сонымен қатар Димаш Әділет кәсібі мен табысы туралы айтып өтті.

"Ниет болса барлық жұмысқа үлгересің. Бірнеше елде қатар жұмыс істеп жүрмін. Бірақ Қазақстан мен үшін бірінші орында болады. Ұсыныс көп. Бірнеше жоба бар. Соның басым бөлігі Қазақстанда болмақ. Бір жыл бойы жұмыс барысымен елде боламын деген ойдамын", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2126838-tagatsyzdana-tosyp-zhurmin-dimash-adilet-zheke-omiri-turaly-bar-shyndyqty-aitty/