Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің еш кінәм жоқ": Ерке Есмахан өткен өміріне қатысты ел білмейтін ақпарат айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық эстрада жұлдызы Ерке Есмахан Instagram желісіндегі парақшасында өткен өмірі жайлы сөз қозғады. Ол күйеуі үйленбей тұрып та өзіне бағалы сыйлықтар әпергенін алға тартты.

Әрдайым жұрт назарында жүретін Ерке Есмахан желідегі мұрағатты ақтарып, сырын ақтарды.

"Парақшамдағы мұрағатты қарап, мәз болып отырмын. Ностальгия. Бұл жерде Раим екеуміздің барған шет елдеріміз. Күйеуім сонау жігітім болып жүрген кезінен бастап маған ел көрсетіп, брендтің бәрін әперіп, еркелетіп, жаман үйретті ғой.

Менің еш кінәм жоқ. Бірақ бұл жерде жігітімді көрсетпей, өзім жүргендей кейіп танытқанмын", - деп ағынан жарылды әнші.

Еске салайық, осыған дейін Ерке Есмахан Париждегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсеткен еді. Ерлі-зайыпты желі қолданушыларына бұл саяхатынан алған әсерін айтып, бәрі ниетке байланысты екенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127189-mening-esh-kinam-zhoq-erke-esmahan-otken-omirine-qatysty-el-bilmeitin-aqparat-aitty/