Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайыршы шалдың кейпіне енген Төреғалиді көшеде ел танымай қалды (видео)

Жарияланған күні:

Төреғали Төреәлі
Төреғали Төреәлі. Видеодан кадр: Instagram/turkestangramm

Желіде қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлінің видеосы тарап, көпшілікті таңғалдырды. Көшеге қайыршы шалдың кейпінде шығып, ел алдында ән салған өнер иесін халық танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлінің аталмыш видеосы Instagram желісінде тарап кеткен. Бейнежазбада әншінің егде жастағы шалдың образында көшеде гитарамен ән салып тұрғанын көруге болады.

Өнер иесінің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар бастапқыда оны танымай, артынан оның "Ұлы дала баласы" екенін түсінген. Видеода эстрада жұлдызы "Толқыным" атты әнін шырқаған. Ол өнер көрсеткені үшін көпшіліктен ақша сұрап, арнайы картасының нөмірін жазып қойған.

Шоу-бизнес жұлдызының видеосы желіде бірден қызу талқыға түсіп, түрлі пікірге ие болды.

"Осы әртістер білгенін істейді", "Төрешті танымай қалдым. Ата болып кетіпті", "Төреғалиді танымау мүмкін емес", "Мейрамбек ағадан қайталап", "Ерке ақ Төреш", "Жұлдыз жұлдыз дей бермей, осындай қарапайым болу керек", "Шаршап кеткен ұлы дала баласы", "Шірене берсей осылай арасында жүріп көріңдер", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127378-qaiyrshy-shaldyng-keipine-engen-toregalidi-koshede-el-tanymai-qaldy-video/