Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен сайқымазақ емеспін, мен қазақпын": Нұрлан Қоянбаев әкім кеңесшісі болып тағайындалуын сынға алғандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Нұрлан Қоянбаев
Нұрлан Қоянбаев. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақстандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалуына қатысты пікір білдіріп, өзін сынға алғандарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Нұрлан Қоянбаев Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, жеке жетісіктерін тізіп шықты.

"Мен Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Қоянбаев. Қызылорда облысы Шиелі ауданының тумасымын. №45 гимназия мектебін алтынға бітірдім. Қазақ Ұлттық Әл-Фараби университетінің тарих факультетінде білім алдым. Экономика және құқық академиясында финанс және кредит мамандығын бітірдім. 300 милиондық аудиториясы бар, ең ірі жастардың ойынында, Мәскеу қаласында қазақтың әзілін төрге шығарған команданың капитаны болдым. (тек мықты мемлекеттердің ғана әзілі дамыған: АҚШ, Англия, Франция т.б) Телеарна саласында бағдарламамыз 9,3 рейтингімен рекордтық нәтиже көрсетті. Оны телеарна саласында қызмет атқаратындар, телевизия тарихындағы ең жоғарғы рейтингтерінің бірі екенін айтып бере алады.

Кино саласына келіп, ол саланың маманы болмасам да, Голливудтың дәуірін тоқтаттым. Мемлекеттік бюджеттен бір тиын алмай, жұмыс істеуге болатынын көрсеттік. Бұл үрдіс жас режиссерлерге серпін беріп, жол ашып, соңғы кездері жылына 120 ға жуық отандық фильмдер түсіріліп жүр. Яғни, жыл сайын Голливудтқа кететін 100 млн долларға жуық ақша, енді елімізде қалуда. Ол дегеніміз 4-5 жылда 500 млн доллар! Мұның барлығы креативтің арқасында. Осы креативті ойларымды пайдаланып еліме қызмет еткім келеді. Облыс әкімдерімен кездесіп, көп ойларыммен бөлісіп жүрмін. Әзірге тек Түркістан облысы ғана креативті идеяларымды қолдады. Ешқандай айлықсыз және бюджеттен тыс", - деп жазды ол.

Нұрлан Қоянбаев өзінің Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалуын сынға алғандар да бар екенін айтты.

"Байқағаным, кейбір біршама журналистердің мақалаларында "Сайқымазақ", "Клоун" деген сияқты сөздер шығуда. Мен сайқымазақ емеспін, мен Қазақпын! Ешкімге керек емес, ешкім мән бермитін әзіл саласында 25 жыл еңбек етіп, 5 мың теңгелік айлықтан, 100 миллион долларлық индустрияны қалыптастырған креативті продюсерлерінің бірімін!

Мысалы, Қазақстан Республикасының ақпарат министрінің вице-министрі Кочетов Евгений деген азамат тағайындалғанда ешкім шулап, резонанс тудырмады. Мен де Кочетов Евгений сияқты еліме қызмет жасағым келеді. Неге мен өз елімде тіпті, айлығы жоқ қызметке тұрғанда, ақталып, пост жазуым керек?! Негізі, негатив жазатындар көп емес. Айтқым келгені, елімізді дамытамыз десек, позитивті, текті қазақтардың белсенділігі қажет. Әр жерде, әр салада, тіпті коммент жазуда да ұтылмайық", - деп жазды актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2127924-men-saiqymazaq-emespin-men-qazaqpyn-nurlan-qoianbaev-akim-kengesshisi-bolyp-tagaiyndaluyn-synga-algandarga-zhauap-berdi/