Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алдынан өттім": "Қойшы баланың" жаңа продюсері Жігер Ауыпбаевпен не туралы сөйлескенін айтты (видео)

Жарияланған күні:

Айдос Кәден мен Қанағат Меченбай
Айдос Кәден мен Қанағат Меченбай. Видеодан кадр: instagram.com/ utro_qairly.1tvkz

Көпшілікке "Қойшы бала" лақап атымен танымал әнші Айдос Кәден қазір Қанағат Меченбаймен жұмыс істейді. Өзі де өнерден кенде емес азамат бала болашағына алаңдап, өз қамқорлығына алғанын айтады. Продюсер Айдоспен жұмыс істемес бұрын Жігер Ауыпбаевтан рұқсат та сұраған екен.

Қанағат Меченбай Жігер Ауыпбаевпен арада қандай әңгіме болғанын "Еуразия" арнасындағы "Қайырлы таң, Қазақстан" бағдарламасында айтып берді.

"Баланың болашағына балта шаппайын деген оймен Жігер ағаның алдынан өтейін деп телефонмен сөйлестім. "Айдос екеуміз бірге жұмыс істейін деп жатырмыз, қалай қарайсыз, қарсы емессіз бе?" деп сұрағанда "Жарайды, қарсы емеспін. Сен менің інімсің ғой, баланың болашағына балта шаппай-ақ қояйын, ештеңесін өшірмеймін" деді. Бірақ ренжіді, мен кешірім сұрадым. Айдос та кешірім сұрайтынын айттым", - деді ол.

"Қойшы баланың" продюсері өзін және Айдосты сынайтындарға жауап берді. Ол шалыс басқан жас баланы қолдайтын қазақ көп болса деген ниетте.

"Қазақты жамандама қазақ бала, қазақтың саны өзі аз-ақ қана. Қай ел, қай жер болмасын, қазақты көтеретін қазақ қана" дейді. Ал қазір керісінше қазақты өшіретін де, өлтіретін де қазақ болып отыр.

Біздің эстрадада қаншама әнші пенделікке салынып, қателесіп жатады. 17 жастағы Айдостың бір қателескенін көре алмай, аяғынан тартады. Бұл баланың санасы мен үлкендердің санасы сәйкес келмейді. Болмайтын сөздерді жазып жатыр, олай болмайды. Керісінше қолдап, әрі қарай көтеру керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128017-aldynan-ottim-qoishy-balanyng-zhanga-prodiuseri-zhiger-auypbaevpen-ne-turaly-soileskenin-aitty-video/