Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шынымды айтсам, ұяламын": Жеңіс Ысқақова күлкісін сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова
Жеңіс Ысқақова. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова желіде күлкісін сынаған көпшілікке жауап берді. Өнер иесі шын мәнінде өз күлкісінен ұялатынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Ысқақова басқа адамдар сияқты өтірік күле алмайтынын айтып, өзін сынаған жандарға үндеу жасады. Өнер иесі күлкісі шын мәнінде өзіне де ұнамайтынын жеткізді.

"Менің мына күлкім халыққа ұнамайды екен. "Жеңіс мәдениетті күлу керек" деп парақшама жазады. Мен өтірік күле алмаймын. Барым осы енді. Шын көңілмен күлген адамның бәрі мәдениетсіз болса, білмеймін. Негізінде Әмина Өмірзақова апамыздың күлкісі сондай болып еді ғой. Өз күлкім өзіме ұнгамайды. Шынымды айтсам, мен ұяламын. Бірақ мен әркез шынайы күлемін", - деді Жеңіс Ысқақова Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128089-shynymdy-aitsam-uialamyn-zhengis-ysqaqova-kulkisin-synagandarga-zhauap-berdi/