Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Асыра сілтеу": Шымкентте 1200 адам жиналған той қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Шымкенттегі той
Шымкенттегі той. Видеодан кадр: instagram.com/ arayssultan

Әлеуметтік желіде Шымкентте өткен ерекше тойдың видеосы тарады. Автордың айтуынша, үшінш3 мегаполистегі қуанышты кешке 1200-ден аса адам келген.

Видеоны Арай Сұлтан есімді қолданушы Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Шымкенттегі 1200 адам жиналған той. Мұндай тек бізде ғана болуы мүмкін", - деп жазды автор,

Мұны көрген жұрт түрлі пікір жазып қалдырды. Олардың бірі ұлан-асыр тойды мақтаса, екіншісі даттады. Оқырман арасында аталған кешке қатысқандар да бар болып шықты.

"1200-ден де көп адам болды. Бәрі керемет өтті. Менің туыс ағам ұлын үйлендірді. Ешқандай қарбалас болған жоқ", "Біз 150 адамға әрең жасаймыз", "Қалыңдық пен күйеу жігіт бәрін тани ма?", "Қазағымның өмірі той жарыспен өтіп жатыр", "Асыра сілтеу", "Жақсы емес пе, жасасын", "Бүкіл қала жиналыпты ғой", "Осындай той жасау бұйырсын", "Міне, деңгей", "Сапасый той", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128416-asyra-silteu-shymkentte-1200-adam-zhinalgan-toi-qyzu-talqyga-tusti-video/