Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анаға жақын болмадық": Ләйлә Сұлтанқызы желіде жан сырын ақтарды (видео)

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы анасымен
Ләйлә Сұлтанқызы анасымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде жаңа жазба жариялап, ата-анасымен қарым-қатынасы туралы сыр шертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram-дағы парақшасында анасымен түскен видеосын жариялап, ата-анасымен қарым-қатынасы туралы жан сырын ақтарды.

БАҚ өкілі әке-шешесіне қатты жақын болмағанын мойындады. Алайда кейін есейе келе олардан артық жандар жоқ екенін тісінгенін айтты.

"Енді үйрендім. Апамның қызы болғандықтан кішірек кезімізде ата-анаға қатты жақын болмадық. Есейе келе ғана анадан артық жақын жан жоқ екенін түсіндім. Иә, ұрысты, ренжіді, қатал болды, біз жақсы болсын деп.. Анам осылай құшақтағанда шаршағанының бәрін ұмытып кетемін", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128716-ata-anaga-zhaqyn-bolmadyq-laila-sultanqyzy-zhelide-zhan-syryn-aqtardy-video/