Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ орамалыңды тақ": хиджабқа қатысты ойын айтқан Индира Расылхан қызу талқыға түсті

Жарияланған күні:

Әнші Индира Расылхан
Индира Расылхан. Фото: instagram.com/indirarasylkhan

Отандық әнші Индира Расылхан Instagram желісіндегі парақшасында хиджабқа қатысты ойын айтты. Ол бұрындары тек қазақтар емес, басқа ұлт өкілдерінің әйелдері де жабынғанын алға тартты.

Әнші мұны дәлелдеу үшін арнайы суреттерді жариялады.

"Неше түрлі пікір оқып жүрмін, оқи беремін де. Біздің әжелеріміз жабынған деп көп айтасыздар ғой, тек біздің қазақ әйелдеріміз емес, басқа ұлт өкілдерінің әйелдері де осылай жабынған", - деді ол.

Мұны көрген жұрттың пікірі екіге бөлінді.

"Қазақта қыз бала әйел сияқты орамал тақпаған", "Хиджаб емес, ақ орамалыңды тақ", "Кимешекке ештеңе жетпейді", "Апалар ғана кимешек киген, қыздар оранбаған, шашын өріп жүрген", "Өздеріңізді дәлелдеп әлексіздер-ау", "Хиджаб пен кимешек екеуі екі түрлі", "Келісемін", "Жарасып тұр", "Алла қаһарынан қорқу керек" - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2128815-aq-oramalyngdy-taq-hidzhabqa-qatysty-oiyn-aitqan-indira-rasylhan-qyzu-talqyga-tusti/