Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құрметпен қарайды": Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсеткен Димаш Құдайберген оған алғысын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Димаш Құдайберген мен Си Цзиньпин
Димаш Құдайберген мен Си Цзиньпин. Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген желіде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен түскен суретін жариялап, оған алғысын айтты. Өнер иесі Қазақстан мен Қытай басшыларының алдында өнер көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген тарихи кездесуден фотоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Достар! Кеше мен көршілес елдер – Қытай мен Қазақстан басшыларының алдында өнер көрсеттім. Аспан асты елінің әрбір тұрғыны үшін маңызды болып табылатын "Жасмин гүлі" әнін қытай тілінде орындадым. Си Цзиньпин мырзаға менің шығармашылығыма әрдайым ықылас білдіріп, құрметпен қарайтыны үшін алғыс айтамын", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтып берген болатын. Олар 2017 жылы "I am Singer" жобасынан кейін кездескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129007-qurmetpen-qaraidy-si-tszinpinning-aldynda-oner-korsetken-dimash-qudaibergen-ogan-algysyn-aitty-foto/