Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Сейітмағамбет Мальдив аралдарында қалай демалып жатқанын көрсетті

Жарияланған күні:

Ақбота Сейітмағамбет демалыста
Ақбота Сейітмағамбет демалыста. Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет тығыз жұмыс кестесінен өзі үшін арнайы уақыт тауып, шетелге демалысқа ұшып кетті. Өнер иесі ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет шетелге демалысқа аттанғанын бірден Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына хабарлады. Шоу-бизнес жұлдызы бұл жолы Мальдив аралдарына ұшып барған.

Актриса желіде асқан белсенділік танытып, көпшілікке демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Өнер иесі табиғаты ерекше аралда түрлі образда фотосессия жасап, желідегілерді өзіне қаратты.

Оған қоса Ақбота Сейітмағамбет өзі тоқтаған қонақ үйді де көрсетті.

Алайда әншінің бұл сапарға кіммен барғаны белгісіз. Ол парақшасында тек өзінің ғана суреттерін жариялап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129343-aqbota-seiitmagambet-maldiv-araldarynda-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti/