Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен де қатыгез бола аламын": ашуға булыққан Мақпал Исабекова желіде азулы жазба жариялады

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: Instagram/makosyai

Ай-күні жақындап қалған Мақпал Исабекова желіде өзіне орынсыз ақыл-кеңесін беріп, өмірін талқыға салатындарға азулы жазба арнады. Өнер иесі оларға жеке шекарасынан өтпеуін ескертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова өзіне ақыл айтқыштарға деген үндеуін Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ашуға булыққан әнші оларға біреудің жеке өміріне қол сұғуға ешкім рұқсат бермегенін ескертті.

"Шыдамның де шегі бар. Менің жеке шекарамнан өтіп, сұрамасам да ақыл-кеңесін айта беретіндерге таңғаламын. Мені, менің жеке өмірімді, отбасымды талқылауға жол бермеймін. Мұндай жағдайда мен дөрекілік пен қатыгездік танытатын боламын. Өз басым біреудің жеке өміріне араласпаймын, маған ол қызық та емес. Сол себепті біреудің менің өміріме қол сұғуына жол бермеймін. Әркім өз өмірін өзі сүрсін. Негізі жүрегім жұмсақ, бірақ қажет болса мен де қатыгез бола аламын. Қысқасы сізден ақыл-кеңес сұрамаса, она үнсіз қалған жөн", - деп жазды өнер иесі.

Мақпал Исабекованың Stories-i
Мақпал Исабекованың Stories-i. Скриншот: Instagram/makosyai

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129370-men-de-qatygez-bola-alamyn-ashuga-bulyqqan-maqpal-isabekova-zhelide-azuly-zhazba-zhariialady/