Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұрып, жүріп кете беремін": Айгүл Иманбаева өміріндегі тылсым дүние туралы айтты

Жарияланған күні:

Айгүл Иманбаева
Айгүл Иманбаева. Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева өмірінде тылсым дүниемен байланысты сәттер көп болғанын айтты. Олардың бірін өнер иесі Instagram-дағы парақшасында оқырмандарына баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Иманбаева өзі жайлы көпшілік білмейтін жайтты айтып, елді таңғалдырды. Өнер иесі бала күнінен бері айкезбе екенін жеткізді.

"Мен айкезбемін. Бұл бала кезімнен бері келе жатқан дүние. Ауру ма, ерекшелік па?! Оны білмедім. Менде әлі күнге дейін де лунатизм бар. Оны жасырмаймын. Бірақ бұрынғыдай жиі емес. Бала кезімде өте жиі болатын. Тұрып кетемін, жүріп кетемін, үйден есіктен шығып кетемін. Ол қар ма, боран ба, күн ме, түн бе бәрібір. Басымнан әр түрлі жағдайлар өтті. Бірақ менің өмірімде тылсым дүниемен байланысты сәттер өте көп", - деді актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2129448-turyp-zhurip-kete-beremin-aigul-imanbaeva-omirindegi-tylsym-dunie-turaly-aitty/