Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім ет асып, қамыр жаямын": Бауыржан Исаевтың ел білмейтін өнері қандай (видео)

Жарияланған күні:

Бауыржан Исаев
Бауыржан Исаев. Фото: Instagram/ isaev_baurzhan

Отандық эстрада жұлдызы Бауыржан Исаев өзі туралы ел білмейтін дерек айтты. 17 жасында "Азия дауысы" байқауының бас жүлдесін алған әнші ас әзірлеуді бала кезден білемін дейді. Өнер иесі бұл істен қазір де бас тартпайтын көрінеді.

Әнші ел білмейтін өнері туралы "Ел арнаға" берген сұқбатында баяндады.

"Өзім ет асамын. Қамыр илеп, қамыр жаямын, лағман жасаймын, мәнті мен палау пісіремін. Өзім үйрендім деп айта алмаймын, бірақ анамыз кішкентайымыздан солай тәрбиелеген. Мектепте оқып жүргенде өз киімімізді өзіміз жинайтынбыз, үтіктейтінбіз, үй де жинайтынбыз.

Кейін студент атанып, Алматыға көшкен соң бұл нәрсе маған қиындық тудырмады. Тамақты да өзім дайындайтынмын. Әлі күнге дейін үйде қуырдақ, палау жасайтын, ат асатын мен. Біраз тағамды жасай аламын, бала-шағама қатты ұнайды", - дейді әнші.

Осы ретте өнер иесі әкесінің де тағам әзірлеуден кенде емес екенін жеткізді.

"Анамның асы ерекше әрине, бірақ әкем кеспе көжені керемет істейді. Кей кезде ауылға барғанда әкемнен жасап беруін сұраймын, ерекше дәмді болады", - деді Бауыржан Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131224-ozim-et-asyp-qamyr-zhaiamyn-bauyrzhan-isaevtyng-el-bilmeitin-oneri-qandai-video/