Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі қамауда жатқанда шетелге неге кеткенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: Instagram/kair_n

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы Қайрат Нұртас қамауда жатқанда балалырмен шетелге ұшып кетті. Өнер иесі бұл әрекетін әлеуметтік желіде түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі басы дауға қалып, қамауға алынғанда шетелге неге кеткенін Instagram-дағы парақшасында түсіндірген. Актриса бұл сапарды жарты жыл бұрын жоспарлағанын айтып ақталды.

"Испания елі, Барселона провинциясы, Жерорта теңізінің жағалауындамыз. Бұл сапарды өздеріңіз білетіндей жарты жыл бұрын жоспарлағанбыз. Ұлдардың қалауы еді. Сапарға бірнеше ай дайындалдық.

Ел-жер аралаудан бөлек, танымдық бағдарламалары мықты. Мәселен біз жексенбі күні келдік. Бұл елде демалыс күнін әр адам өз отбасымен өткізеді екен. Мемлекеттік мекемелерден бөлек, дүкендер, сауда үйлері, базарлар, тамақ ішетін орындар бәрі-бәрі жабық", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2131515-zhuldyz-abdikarimova-kuieui-qamauda-zhatqanda-shetelge-nege-ketkenin-tusindirdi/