Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әжелеріміз 2 мыңнан лақтырды": Роза Әлқожа көршісінің тойында ән салды

Жарияланған күні:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Видеодан кадр: instagram.com/roza_alqozha

Отандық эстрада жұлдызы Роза Әлқожа көршісінің тойында ән салды. Әнші бұл жайында Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Роза Әлқожа тойдан видеоүзінді де жариялады.

Бүгін біздің көшеде той. Құдалар нағашы әпкемнің шәкірттері екен. Кеше жүз таныс боп қалғанбыз, "ән салмайсың ба?!" деп сұраған соң домбырамен айттық. Әжелеріміз екі мыңнан лақтырып, ризашылығын білдіріп, бата беріп жатыр.

Кейде осындай аппақ лебіз артық қой бәрінен! Артынан көршілердің атынан тойбастар беріп, билеттік. Жастар үмітімізді ақтай берсін!Ана-әкелер тек қуанышта шалқысын!" - деді ол.

Әнші жазбасын "Көршінің тойы керемет еді" хештегімен қорытындылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132316-azhelerimiz-2-myngnan-laqtyrdy-roza-alqozha-korshisining-toiynda-an-saldy-video/