Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сұп-сұлусыз": Мақпал Жүнісованың 17 жыл бұрынғы видеосы жұрттың сүйіспеншілігіне бөленді

Жарияланған күні:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Видеодан кадр: instagram.com/ zhunusova_makpal

Халық әртісі Мақпал Жүнісова 17 жыл бұрын сахнада ән айтқан видеосын жариялады. Әнші мұрағатты ақтарып, жас кездегі бейнежазбаларын бөлісуді жалғастырып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық эстрада жұлдызы видеоны Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"2007 жыл. Сахнада бәрі Мақпал Жүнісовалар. Мерейден басқасы", - деп жазды ол.

Мұны көрген көпшілік халық әртісіне ақ тілегін жаудырып, тілегін айтты.

"Мақпал ханым, жап-жас, сұп-сұлусыз. 47 жаста екенсіз. Сізге "Халық әртісі" атағы лайықты берілген ғой", "Мақпалдың бір де ән кешін қалдырмадым, мақтанып қояйын", "Әндерінің бәрі тамаша", "Осы кеште болғанмын. Мақпал аттас қыздардан 24 пе, 27 ме қыз болған. Әр облыстан, әр ауылдан Мақпал Жүнісовалар келген", - деді жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132538-sup-sulusyz-maqpal-zhunisovanyng-17-zhyl-buryngy-videosy-zhurttyng-suiispenshiligine-bolendi/