Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдасымның орнына інісі келді": Жеңіс Ысқақова қайын інісімен қалай танысқанын айтты

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова
Жеңіс Ысқақова. Скриншот: "Төрлетіңіз" бағдарламасы

Қазақстандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова жолдасымен кездесіп жүрген кезін еске алып, басынан өткен қызықты жағдайды айтып берді. Өнер иесі кездесуге жігітінің орнына інісі келгенін айтып, оқырмандарын күлдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жеңіс Ысқақова қайын інісімен қалай танысқанын Instagram-дағы парақшасында баяндап берді. Әнші сүйіктісіне кездесуге шығып, ақыр-соңы оның інісімен театрға барған екен.

"Зымырап жатқан уақыт-ай. Сонау тоқсаныншы жылдардың басында жолдасыммен енді кездесіп жүрген кез. Бір күні жігітім мені театрға шақырды. Кездесу Мұхтар Әуезов ескерткішінің алдында кешкі сағат18:00-де болу керек. Мен келіскен уақытқа келдім, жігіт жоқ. 10-15 минуттай тұрдым. Ол кезде ұялы телефон деген жоқ. Содан бір мезгілде қасыма десант киіммен әскерден жақында келген бір ұзын жігіт келіп "Мен Тоханың інісі Рахат боламын, ағамның бір шаруалары болып қалды театрға сізді мен апарамын" деді.

Сөйтіп екеуміз театрға бірге кеттік. Болашақ қайныммен осылай танысқанмын. Кейін тұрмыс құрғаннан кейін Рахат біздің балапандарымызды бағып, жаялықтарын жуған кездері де болған. Сөйтіп бірге есейдік.Кейін келіншегі Салтанатты біздің үйге түсірді, өзім орамалын тағып қарсы алған болатынмын. Аллаға шүкір үш ұлдары бар. Үлгілі отбасы. Раха, Салтош алтындарым енді сіздерге де біз сияқты ата, әже болу бақыты бұйырсын", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132856-zholdasymnyng-ornyna-inisi-keldi-zhengis-ysqaqova-qaiyn-inisimen-qalai-tanysqanyn-aitty/