Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1968 жыл": Қайрат Әділгерей бала кездегі фотосын жариялады

Жарияланған күні:

Қайрат Әділгерей
Қайрат Әділгерей. Фото: instagram.com/ kairat_adilgerey

Танымал әзілкеш Қайрат Әділгерей бала кездегі фотосын жариялады. Осылайша, өнер иесі Алматыға алғаш келген сәтін еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Әділгерей суретін Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.

"1968 жыл. Алматы. Максим Горький атындағы демалыс саябағы... Алматыға ең бірінші келуім", - деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Қайрат Әділгерейден аумайтын азаматтың видеосы тараған еді. Көпшілік Азамат есімді жігіттің сөйлеу мәнері мен қылықтарын да әзілкешке ұқсатқан.

Көп ұзамай Қайрат Әділгерейдің өзі Азаматпен кездесті. Жас жігіт Ақтау қаласындағы мейрамханалардың бірінде қызмет ететін болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132919-1968-zhyl-qairat-adilgerei-bala-kezdegi-fotosyn-zhariialady/