Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Бесбаев отбасымен Вьетнамда қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Жарияланған күні:

Мейрамбек Бесбаев
Мейрамбек Бесбаев. Фото: instagram.com/m_besbaev

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мейрамбек Бесбаев өнердегі әріптестерінен қалыспай отбасын шетелге алып шықты. Өнер иесі бүгінде жанұясымен Вьетнам елінде демалып жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Жұлдызды жанұя бұл сапарға отбасылық достарымен бірге барған.

Өнер иесі желіде ұлымен түскен видео жариялады. Онда әкесі мен баласының Оңтүстік Қытай теңізінде гидроциклмен келе жатқанын көруге болады.

Сонымен қатар әншінің келіншегі Мархабат Бесбаева қызығушылық танытқан оқырмандарына таңдаған қонақ үйлерін көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың отбасымен Катар елінде демалып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132922-meirambek-besbaev-otbasymen-vetnamda-qalai-demalyp-zhatqanyn-korsetti-video/