Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 млн теңгенің ар жақ-бер жағы": Қайрат Түнтеков бірнеше жыл бұрын болған көлік апатын еске алды (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков. Видеодан кадр: youtube.com/ Qazaq AIRAN

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Түнтеков Qazaq AIRAN жобасына берген сұқбатында осыдан бірнеше жыл бұрын болған көлік апатын еске алды. Көптен көрінбей кеткен қиын-қыстау кезеңде әнші өзіне қолдау көрсеткен әншілерге алғыс айтты.

Қайрат Түнтеков көлік апатына түскен сәтте қатты күйзеліске ұшырағанын жасырмады. Өнер иесі сол кездегі қарыздан 4-5 жылдай құтылған.

"Бұл жағдайда отбасым мен ата-анам, туған-туыстарым уайымдады. Талап етілген ақша 40 млн теңгенің ар жақ-бер жағы еді. Одан құтылу үшін 4-5 жыл жүрдім. Сол сәтте Ерлан Көкеев ағамыз бен Айжан Нұрмағамбетова әпкеміз қайырымдылық концерт ұйымдастырып, қаражат жинап берген. Әлі күнге дейін ол кісілерге алғысым шексіз.

Мәселе қанша ақша жиналғанда емес, көңілде. Бірақ сол концерттерден жиналған ақшаны қайырымдылыққа аудардым. Мен көмектескен бүлдіршін ота жасатып, жазылып кетті. Қазір ол жағдай маған ойыншықтау көрінеді", - деді ол.

Осы ретте Қайрат Түнтеков өзін эфирге шығартпай, қудалаған адамдар болмағанын, алайда жол апатынан соң қысымға ұшырағанын алға тартты.

"Қысым көрсетілген жоқ. Бірақ теледидар арқылы болды. Ақпараттық қысымға ұшырадым. Біреу қудалаған жоқ. Ықпалды ешкім келім тимеді. Қысым ақпараттық болды. Бірақ сұмдық бірдеңе болды дей алмаймын. Ешкім зақым алып, бақилық болмады. Біреу өліп кеткен жоқ. Кішігірім жарақат алған шығар", - деді Қайрат Түнтеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132931-40-mln-tenggening-ar-zhaq-ber-zhagy-qairat-tuntekov-birneshe-zhyl-buryn-bolgan-kolik-apatyn-eske-aldy-video/