Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақ көйлек кимегеніме өкінемін": актриса Зарина Кармен отбасылық өмірі туралы сыр шертті

Жарияланған күні:

Зарина Кармен
Зарина Кармен сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Мамский әңгіме

Қазақстандық танымал актриса Зарина Кармен отбасылық өмірі туралы сыр шертіп, не себепті той жасамағанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, жолдасы екеуінің үйлену тойына қатысты үлкен жсопары болған. Алайда ол іске аспай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Зарина Кармен бүгінде ақ көйлек кимегеніне өкінетінін жасырмады. Кино және театр жұлдызы жолдасы екеуі тойын Лас-вегаста өткізуді жоспарлағанын айтты. Бірақ белгілі бір себептерге байланысты ол ойды іске асыра алмаған.

"Біз той жасамадық. Өзіміз қаламадық. 100 адамға құдалық жасадық. Ақ көйлек кимегеніме өкінемін. Кейде күйеуіме соны айтамын. "Мен күшті қалыңдық болар едім" деп айтамын. Биыл отау құрғанымызға 10 жыл болады екен. Соған орай ақ көйлекпен фотосессия жасасақ деген ойымыз бар. Негізі үйленер алдында жоспарымыз керемет еді. Біз бес жылға виза жасатқанбыз. Азаттың көп туысқаны Америкада тұрады. Ол кезде Азаттың інісі де Америкада оқитын. Біз Лас-вегасқа барып, ешкім өткізбеген той жасаймыз дегенбіз. Бірақ мен бірден көтердім. Қатты токсикозбен қиналдым. Үш ай бойы үйде жаттым. Қатты ерке болып өстім. Сол себепті алғаш үйленгенде бөтенсінгенім рас. Жолдасым екеуміз ғана тұратынбыз. Ата-енем Қарағанды жақтың тумасы. Маған "қызымыздай көреміз, сәлем салмай-ақ қой" деді. Бірақ ата-енемен бірден тіл табысып кету мүмкін емес", - деді актриса "Мамский әңгіме" подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2132979-aq-koilek-kimegenime-okinemin-aktrisa-zarina-karmen-otbasylyq-omiri-turaly-syr-shertti/