Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Демейтін продюсер табылмады": Қайрат Түнтеков өнердегі әділетсіздік туралы сөз қозғады (видео)

Жарияланған күні:

Қайрат Түнтеков
Қайрат Түнтеков. Фото: Ашық дереккөз/ KAZ.NUR.KZ

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Түнтеков Qazaq AIRAN жобасына берген сұқбатында өнердегі әділетсіздік туралы сөз қозғады. Ол жас кезінде көп алданғанын, ал қазір ештеңеге дес бермейтінін айтты.

Қайрат Түнтековтің сөзінше, дүркіреп тұрған шағында жанында демеу беретін адам табылмаған. Соның салдарынан өнер иесі көп рет алданып та қалған.

"Дүркіреп тұрған кез. Қасымда үлкендеу, қарайлап жүретін ешкім жоқ. Сонда мен өзімнің қаншалықты жоғары деңгейде жүргенімді байқамағанмын. Қасымда демеп жіберетін продюсер табылмады ма? Білмеймін.

Біреу келіп, "інім, келіп, ән айтып кетші, ақшаңды төлейін" дейді. Жартысын береді де, тойына барған соң жас балаша шығарып салады. Ол көп әншінің басынан өткен сияқты. Яғни, гонорарды толық бермейді.Ал қазір оған бой бермеймін", -деді әнші.

Осы ретте Қайрат Түнтеков шығармашылығын қайта қолға алғанын, қазір жас әншілермен дуэт жазып жатқанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2133003-demeitin-prodiuser-tabylmady-qairat-tuntekov-onerdegi-adiletsizdik-turaly-soz-qozgady-video/