Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Заң алдында бәрі бірдей": Жұлдыз Әбдікәрімова 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова. Фото: instagram.com/kair_n

Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова айыпты деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынған күйеуі Қайрат Нұртасқа қатысты даулы мәселеге алғаш рет пікір білдірді. Өнер иесі заң алдында барлық азамат бірдей екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова басы дауға қалған жолдасына желіде қолдау білдірмегені үшін оқырмандарынан сөз естіп қалды. Толассыз хаттардан кейін актриса көпшілікпен байланысқа шығып, күйеуінің қамалуына қатысты алғаш рет пікір білдіруді шешті.

Әншінің келіншегі бұл жағдай балаларына ауыр тиіп жатқанын айтып, халықтан түсіністік танытуын сұрады.

Сонымен қатар Әбдікәрімова Қайрат Нұртас бұл мәселеде "қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді" деп айтты.

" Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көрулері керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр", - деп жазды актриса Instagram-дағы парақшасында.

Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i
Жұлдыз Әбдікәрімованың Stories-i. Скриншот: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2133108-zang-aldynda-bari-birdei-zhuldyz-abdikarimova-15-taulikke-qamalgan-qairat-nurtasqa-qatysty-pikir-bildirdi/