Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байып алып, секеңдеп жүр": актриса Нұргүл Мыңғатова сынағандарға жауап берді

Жарияланған күні:

Нұргүл Мыңғатова
Нұргүл Мыңғатова. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Отандық танымал актриса Нұргүл Мыңғатова желіде өзін "құтырып кетті" деп сынға алғандарға жауап берді. Өнер иесі халықтан өзін қалай бар, солай қабылдауын сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұргүл Мыңғатова өмірде жасандылық атаулысын жек көретінін жасырмады. Сол себепті актриса өзін барынша шынайы ұстауға тырысатынын айтты.

"Мен өзімді шынайы етіп көрсетемін! Қалай бар солай! Тойға барсам билеп, көңіл көтеріп қайтамын. Өзімнің тойым болса тіптен бидің түбін түсіремін. Желіде бөлек, өмірде бөлек көрінбеймін! Мысалы мына суреттер кинодағы образым, өмірде олай жүрмеймін ғой. Бұл тек менің жұмысым! Демек өмірде рөл сомдамаймын.

Бір тойда абысынтай екеуміз қуып билей қалып едік, Халық небір нәрсе жазды ғой. Балқия құтырған, байып алып, секеңдеп жүр. Жандарым-ау мойнымда несием бар. Менде секіріп билегім келеді ғой. Сонда мен өзіміздің тойда да актриса болып ешкіммен араласпай отыруым керек па? Табиғатым сол, арам ойым жоқ. Жан-жағымды ойламай демаламын! Бірақ өкінішке орай соны қолданып, түсіріп, басқаша салып қоятын жандар өмір бумеранг. Қысқасы сол, қатыгез болмаңыздаршы. Мен сіздерге не жамандық жасап қойдым", - деп жазды Мыңғатова Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2133120-baiyp-alyp-sekengdep-zhur-aktrisa-nurgul-mynggatova-synagandarga-zhauap-berdi/