Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құны 1,5 млн теңге": Ерке Есмахан оқырманына қымбат сыйлық тарту етті (фото)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде қымбат әрі құнды затын оқырмандарының біріне сыйға тартуға уәде берген. Өнер иесі сөзінде тұрып желі қолданушысына өзі үшін ерекше бренд сөмкесін сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ойлана келе, Fendi брендінен алған қымбат сөмкесін оқырманына тарту етуді шешкен. Желідегі ақпаратқа сәйкес, оның бағасы 1,5 млн теңгеге жуық.

Әншінің қымбат сыйлығы 4 баланың анасына бұйырған.

"Уәде еткен сыйлық таңдалды. Бұл сөмкемді біраз елге, жерге, қуанышқа ұстаппын. Fendi брендінен алғанмын. Сөмкенің қазіргі бағасы - 1 млн 472 500 теңге. Жеңімпазымыз - 4 ұлдың анасы. Ақкөңіл, сыпайы, әдемі келіншек екен. Парақшасын көріп, қуанып кеттім. Құттықтаймын.

Бқйырған жанға қуаныш, бақыт, байлық ала келсін. Осы сөмкемен дүниежүзін аралаңыз. Қатысқандарыңызға рақмет! Енді жиі сыйлықсыйлап тұратын боламын", - деп жазды Ерке Instagram-дағы парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2133708-quny-1-5-mln-tengge-erke-esmahan-oqyrmanyna-qymbat-syilyq-tartu-etti-foto/