Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пабло Эскобар": Кенжебек Жанәбілов қартайғанда түрі қандай болатынын көрсетті (фото)

Жарияланған күні:

Кенжебек Жанәбілов
Кенжебек Жанәбілов. Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

"МузАрт" тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов желіде ерекше суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды. Эстрада жұлдызы оқырмандарына қартайған шағында түрі қандай болатынын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов елдің қызу талқысына түскен фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Өнер иесі желі қолданушыларға 2076 жылы түрі қандай болатынын көрсетуге тырысқан.

Фотода әншінің шашы ағарып, бет-әлпеті өзгеріп кеткенін байқауға болады. Ол өзінің қартайған шағын көру үшін арнайы қосымшаның көмегіне жүгінген.

"2076-да Кенжебек Тұрсынбайұлының жасы нешеде болады? Жаман шал болмайтын сияқты", - деген жазба қалдырды "МузАрт" мүшесі.

Желі қолданушылары өнер иесінің суретін түрлі пікір қалдыруда.

"Өте сымбатты ата боласыз", "Пабло Эскобар сияқтысыз ғой", "Керемет қария болады екенсіз", "Көсемсіген, шешенсіген шал болады екенсің", "Қазақдың Будулайы", "Америкалық актерге ұқсап кетіпсіз", "Пабло Эскобар болып шыға келдіңіз", - деп жазып жатыр көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134065-pablo-eskobar-kenzhebek-zhanabilov-qartaiganda-turi-qandai-bolatynyn-korsetti-foto/