Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақыт деген осы емес пе": ата-анасымен билеген Алтынай Жорабаева елді сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева ата-анасымен
Алтынай Жорабаева ата-анасымен. Видеодан кадр: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаева желіде ата-анасымен түскен видеосын жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды. Оқырмандар жұлдызды отбасыға тәнті болып, жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева ерекше отбасылық видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің табиғат аясында ата-анасымен билеп жүргенін көруге болады.

"Менің байлықтарым, Аллаға шүкір", - деген жазба қалдырды шоу-бизнес өкілі.

Желі қолданушылары ата-анасына еркелей билеген әншіге жылы лебізін білдіріп, отбасына ақ тілегін жолдады.

"Бақыт деген осы емес пе?", "Қандай керемет сәт. Осындай сәтті қаншама адам үшін арман болып қалды", "Ата-анаңыздың өмірі ұзақ болсын. Осылай еркелеп жүре беріңіз", "Ата-анасы бар адам бақытты", "Өте керемет көрініс. Бақытты сәттеріңіз көп болғай", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134125-baqyt-degen-osy-emes-pe-ata-anasymen-bilegen-altynai-zhorabaeva-eldi-suisintti-video/