Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұқымың көбейгір": Айсәуле Бақытбек үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін айтты (фото, видео)

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек
Айсәуле Бақытбек. Фото: instagram.com/aissaulebakytbek

Танымал қазақстандық блогер Айсәуле Бақытбек үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Блогер сүйінші жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Құттықтауларыңызға рақмет! Ештеңені жасырмай, эмоцияларым мен ойларыммен қайтадан бөлісе аламын", - деп жазды Бақытбек.

Кейін оқырмандарының сұрақтарына жауап берген ол бұл жүктілігі де жоспарлы түрде болғанын айтты.

"Иә, көпшілікке біз жынды болып көрінуіміз мүмкін екенін түсінемін. Бірақ біз әр баламызды қаладық. Біз 8 жыл өзіміз үшін өмір сүріп, ойнап-күліп, қыдырдық. Одан кейін біздің соңғы кезеңіміз басталып, ата-ана болғымыз келетінін түсіндік.

Үшінші рет тым батыл болмағанымды мойындаймын. Бірақ күйеуім күн сайын мұның жақсы идея екенін айтып көндірді. Мен өз дәрігеріме үшінші мәрте балалы болғымыз келетінін айттым", - деді Айсәуле Бақытбек.

Сондай-ақ ол бұған дейін Түркияда гендер пати рәсімін өткізіп қойғанын айтты.

Ал блогердің сүйінші жаңалығын естіген оқырмандары оған жарыса тілек жазуда.

"Тұқымың көбейгір, тарыдай жайылғыр деуші еді. Сәулетай, аман бол сұлу да, елге үлгілі ана бол", "Осы жол ұлды боласыз", "Енеңіз сізден кем дегенде үш бала тап деп сұрағаны есімде", "Аман-есен босанып ал", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетсек, Айсәуле Бақытбек күйеуімен бірге екі қыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134482-tuqymyng-kobeigir-aisaule-baqytbek-ushinshi-sabiine-aiagy-auyr-ekenin-aitty-foto-video/