Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түлектер ғой десем түсінбей жатыр": Нұрболат Абдуллинге билегені үшін "айыппұл" салынды (видео)

Жарияланған күні:

Нұрболат Абдуллин мен Мақпал Жүнісова билеп жүр
Нұрболат Абдуллин мен Мақпал Жүнісова билеп жүр. Видеодан кадр: Instagram/nurbullin

Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде халық сынына ұшырап, билеген видеосы үшін "айыппұл" арқалады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Нұрболат Абдуллин өзіне "айыппұл" салынғанын Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Соңғы видеоға айыппұл келді. Әй, түлектер ғой десем түсінбей жатыр" , - деп жазды әнші.

Өнер иесі желіде жариялаған видеосы үшін келіншегіне 300 мың теңге "айыппұл" төлеген. Абдуллин ақша аударғанын дәлелдеу үшін тіпті банк қосымшасының түбіртегін де жариялап қойған.

Айта кетейік, эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин желіде түлектердің 5 жылдық кездесуінде өнер көрсеткен сәтінен видео жариялап, ел сынына ұшырады. Бейнежазбада өнер иесі ән айтып қана қоймай, бірнеше қызды вальске шақырғанын көруге болады.

Желі қолданушылары бұл жайт әншінің келіншегіне ұнамайтынын жарыса жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134557-tulekter-goi-desem-tusinbei-zhatyr-nurbolat-abdullinge-bilegeni-ushin-aiyppul-salyndy-video/