Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасылы адаммен сөйлеспеймін": Анна Данченко жеке өмірі туралы бар шындықты айтты

Жарияланған күні:

Анна Данченко
Анна Данченко. Фото: Instagram/ann_2905

Қазақстандық танымал тележүргізуші Анна Данченко жеке өміріне қатысты толассыз сұрақтардан кейін желіде бар шындықты айтты. БАҚ өкілі өзі жайлы ел арасындағы түрлі қауесеттерге нүкте қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Анна Данченко жеке өмірі туралы жанайқайын Instagram-дағы парақшасында жеткізген. Тележүргізуші алғаш рет оқырманына ашылып, бұл тақырыпта жан сырын ақтарған.

БАҚ өкілі осы уақытқа дейін не себепті түрмысқа шықпай жүргенін түсіндірді. Сонымен қатар ол отбасылы адаммен сөйлеспейтінін және тоқал болмайтынын кесіп айтты.

"Менің жеке өмірім көп адамға қызық. Мен тұрмыста емеспін, балам жоқ. Сондықтан болар, көп оқырман соны бетіме басып, "Отырып қалдың! Өзіңе бала туып ал! Байға шық!" деген сөздерді, өз міндеттері деп есептеп, жекеге жиі жазады. Кей кісілер шын көңілмен бақыт тілесе, басқалары әдейі "шымшып, тигізіп" жазатын сияқты. Сонда мен "Күлге аунап туам ба?".

Жоқ әлде бір жігіт айткандай "Шешеңді таста, сосын сені алам, менің анамның жағдайын жасайсын", тағы біреуі "сенің көлігің де, жұмысың да, үйің де бар, сенікінде бәріміз тұрамыз" деді. Қазіргі жігіттердің көбі осындай. Бәрі талап қойғыш, әйтеуір. Жасасын жағдайымды, отбасын кұрам десе, сол отбасын асырай алатындай ақылы, білімі, жұмысы болсын! Еңбекқор болсын! Ал, енді анама катысты жаман сөзді бірде бір адамға айтқызбаймын! Ешкім тіл тигізбесін", - деп жазды Данченко.

Сонымен қатар тележүргізуші қандай адамға тұрмысқа шықпайтынын айтты.

"Бұйырғаны болады, бірақ барлығын қызға жүктеп қоюдың қажеті жоқ. Қыз сөзіне емес, ердің ісіне қарап таңдайды! Қол көтеретін, көзге шөп салатын, арман-мақсаты, жұмысы жоқ, ата-ананы құрметтемейтін, ауызынан шіріген, бейәдеп сөз шығатын, мені бағаламайтын, еріншек жігітке тұрмысқа шықпау - ол менің таңдауым! Отбасылы азаматпен сөйлеспеу, тоқал болмау, куйеусіз бала тумау - ол менің таңдауым

Сөз салып жүрген жігіттер жоқ емес, бар, бірақ мен өзіме қандай адам керек екенін жақсы білемін. Осы уақытқа дейін сатқындықты да көрдім. Жетер. Өмір менікі, кейін ол адаммен тұратын да мен, одан бала туатын да мен. Адам танитын жасқа келдім деп ойлаймын. Мен зат емеспін, ойыншық емеспін! Сезімнен бөлек, ақылға салып таңдаймын болашақ жарымды. Құдай қаласа, жақсы адам жолығады", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134572-otbasyly-adammen-soilespeimin-anna-danchenko-zheke-omiri-turaly-bar-shyndyqty-aitty/