Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғаш сахнаға шыққан кез": айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы 10 жастағы видеосын көрсетті

Жарияланған күні:

Рүстем Қайыртайұлы
Рүстем Қайыртайұлы. Фото: Instagram/rustem_kaiyrtai

Отандық танымал айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы алғаш сахнаға шыққан кезін еске алып, желіде мұрағаттық видеосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Рүстем Қайыртайұлы алғаш рет сахнаға шығып, өнер көрсеткен сәтін Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Айтыскер ақын жариялаған видеода ол небәрі 10 жаста болған.

"28 жыл бұрынғы алғаш көрген сахнам. Сағыныш қой қазір", - деп естелігін бөлісті ақын.

Желі қолданушылары айтыскердің бала күнгі видеосына тамсанып, оның өнеріне жоғары бағасын берген.

"10 жаста да классикалық сөздер айтып отырсыз ғой, аға", "Болар бала деген осы. Нағашы атамның үйінен дәм татып, батасын алған еді сол кезде. Бата сұрағаны есімде қалыпты кәдімгідей. Айтарың таусылмасын", "Керемет", "Мықты ақынсыз", "Осы дүниеге бірден ақын болып келе салғансыз ғой", - деп жазуда көпшілік.

Рүстем Қайыртайұлы 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Республикалық, халықаралық айтыстарда жеңімпаз атанып, жүлдегер болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2134683-algash-sahnaga-shyqqan-kez-aitysker-aqyn-rustem-qaiyrtaiuly-10-zhastagy-videosyn-korsetti/