Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Мақпал Исабекова қызына ерекше ат қойды

Жарияланған күні:

Мақпал Исабекова қызымен
Мақпал Исабекова қызымен. Фото: Instagram/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова қызына "Илая" деген ерекше ат қойды. Өнер иесі оқырмандарына жаңа туған қызына қойған есімнің мағынасы туралы да айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.

Жақында ғана екінші сәбиін дүниге әкелген Мақпал Исабекова оқырмандарына қызына қандай ат қойғанын тауып көруді ұсынды. Бір оқырманы сәби есімінің "Илая" екенін дұрыс тапқан.

"Еврей тілінде Илай есімі "менің Құдайым" дегенді білдіретін сөзден шыққан. Бұл есім Інжілде айтылғанбірнеше маңызды кейіпкерлердің есімі. Араб тілінде Илай есімі "Құдайға бағытталған" немесе "Құдайға тиесілі" деп аударылатын сөзден шыққан болуы мүмкін.

Грек мәдениетінде Илай есімі "күн" немесе "жарқыраған" дегенді білдіретін ежелгі грек сөзімен байланысты", - деп мағынасы туралы да жаза кетті әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2135103-anshi-maqpal-isabekova-qyzyna-erekshe-at-qoidy/