Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сағат санап жүрміз": Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған оқырманына жауап берді

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова сұхбат беруде
Гүлзира Айдарбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Makpal Karatai

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың қамауда отырған ұлына деген сағынышы басылар емес. Қайрат Нұртастың анасы тұңғышына арнап, тағы бір жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртастың видеосын жариялап, елден сөз естіп қалды. Желі қолданушылары жұлдызды ананы "тым көп уайымдап кетті" деп сынға алған.

"Не болды сонша уайымдап? 10 күнге ғана ортамызда болмайды", - деп жазды оқырман.

Продюсер бұл пікірге бірден жауап берді.

"Сізге түк емес екенін білемін. Біздер ғой сағат санап жүрген", - деп жазды Айдарбекова.

Басқа желі қолданушылары да Қайрат Нұртастың анасына қолдау білдірді.

"4 күн ғана қалды. Арамызға аман-есен оралсын", "Ана үшін 10 күн 10 жыл секілді", "Жұрт не деседе әркімнің баласы өзіне. Қайратқа сабыр тілеймін. 20 шілде күні аман-есен шығуын күтіп жүрміз", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2135316-sagat-sanap-zhurmiz-gulzira-aidarbekova-ozin-synagan-oqyrmanyna-zhauap-berdi/