Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сені кездестірдім": желіде Динара Қырықбаеваның видеосы талқыланып жатыр

Жарияланған күні:

Динара Қырықбаева
Динара Қырықбаева. Видеодан кадр: Instagram/kyrykbayeva

Қазақстандық танымал әнші Динара Қырықбаева желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Қалың көпшілік өнер иесі сүйіктісін жолықтырды деген болжап жасап, оған бақыт тілеп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева Instagram-дағы парақшасында видео жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды. Бейнежазбада белгісіз жан әншіге гүл шоғын тарту етіп, артынан сыйлығын беріп жатқанын көруге болады.

Оған қоса шоу-бизнес жұлдызы аталмыш видеоның астына әсерлі жазба қалдырды.

"Сені кездестірдім. Бәрі жақсы болады", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Қырықбаеваның бейнежазбасын қызу талқылап, қасындағы сүйіктісі деген болжам жасады. Тіпті әнші Алтынай Жорабаева өнердегі әріптесіне бақыт тіледі.

"Әр әйел бақытты болуға лайықты", "Өте нәзік келіншек. Махаббатыңыз баянды болсын", "Сендей қыз бақытты болу керек", "Сүйіктісін жолықтырған ғой деймін. Көзіңізде өзгеріс бар", "Бағыңыз ашылсын", "Келер жолы ғашығыңызды көрсетіңізші", "Алла тағалам сендерге екі дүниенің бақыттын нәсіп етсін", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2135505-seni-kezdestirdim-zhelide-dinara-qyryqbaevanyng-videosy-talqylanyp-zhatyr/