Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин, Тоқаев, Назарбаев: актер Нұртас Адамбай желіде бірқатар адамнан кешірім сұрады

Жарияланған күні:

Нұртас Адамбай
Фото: Instagram/nurtasadambay

Қазақстандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұртас Адамбай желіде бірнеше жазба жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бірқатар саяси тұлғадан кешірім сұраған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұртас Адамбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Белорусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.

Нұртас Адамбайдың Stories-i
Нұртас Адамбайдың Stories-i. Скриншот: Instagram/nurtasadambay

Қазақстандық кинопродюсер осы аталған тұлғалардың барлығын кезінде желіде айыптап, сынағаны үшін өкінетінін жазған. Өнер иесі саясаткерлерден кешірім сұрап, олардың елі үшін жасап келе жатқан қызметіне алғысын айтты.

Нұртас Адамбайдың Stories-i
Нұртас Адамбайдың Stories-i. Скриншот: Instagram/nurtasadambay

Сонымен қатар әзілкеш желі қолданушылардан да кешірім сұрады.

"Мен желіде сөз таластырып, санасып, сынап, жамандық тілеген желі қолданушылардан да кешірім сұраймын. Осы өмірде кіммен арада келіспеушілік болса, солардың барлығынан кешірім сұраймын. Сіздерді сынап, сіздерге қатысты жағымсыз ойларым болғаны үшін кешіріңіздерші. Бұның барлығы ақымақтықпен істелді", - деп жазды Адамбай.

Нұртас Адамбайдың Stories-i
Нұртас Адамбайдың Stories-i. Скриншот: Instagram/nurtasadambay

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2135613-putin-toqaev-nazarbaev-akter-nurtas-adambai-zhelide-birqatar-adamnan-keshirim-surady/