Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Денсаулығыма зиян екен": Жазира Байырбекова өзі жайлы ел білмейтін жайтты ақтарды

Жарияланған күні:

Жазира Байырбекова
Жазира Байырбекова. Фото: Instagram/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова желіде жаңа жазба жариялап, көпшілікке сабырлығының сырын айтты. Өнер иесі жақсы қасиеті жоқ, жағымсыз ойлармен шаршататын адамдардан алыс жүретінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы үнемі сабырлы болуының құпиясын Instagram-дағы парақшасында ашты. Әнші өмірде барлығы мінсіз болмайтынын алға тартып, өзін алдап қиянат жасағысы келетіндерді Аллаға тапсырғанын айтты.

"Сабырлығымның сырын сұрайтындар көп. Өмірдің уақытша екенін ұмытпау. Тіпті күйеуім де, ұлым да, қызым да, әркімнің жақсы көруі, құрметтеуі, қамқорлығы өз қалауымен болса болғаны жақсы, болмаса мәжбүрлемеу. Ешкім маған ештеңе міндетті емес екенін білу. Жамандар жаман болайын демейді, жәй болмысы солай. Ешкімге пайдасы жоқ адамдар миына, жүрегіне мейірімділік салмағаннан. Адамның миына идеяларды Алла тағалам салады. Бір адамның ұнамайтын қасиетін көргенде сол адамның бойынан жақсы қасиетті іздеп табу. Жақсы қасиеті жоқ, негативтерімен шаршататын адамнан (туысым болса да) алыс жүру.

Маған бұйырған несібе ешқайда кетпейді. Мені алдаған, маған қиянат жасағысы келетін, мені сыртымнан жамандап сөгетін адамдарды Аллаға тапсыру. Кез келген жетістікті, жақсылықты, несібені өзімнің өнерім, өзімнің еңбегім демей Алланың беріп жатқаны деп сезіну. Біреу баладан ,біреу күйеуден, біреу бауырдан, біреу қайын жұрттан, біреу достарынан, біреу қызметінен бақыт көреді", - деп жазды өнер иесі.

Сонымен қатар Байырбекова бұл ұстанымдары денсаулығына зиян екенін жеткізді.

"Адам өмірінде барлығы мінсіз болмайтынын түсіну. Шүкір ету. Мені сабырлы ететін осы ойларым шығар. Бірақ мамандардың айтуынша менің кей ұстанымдарым денсаулығыма зиян екен. Бәрін кешіріп, бәрін ақтап алып жүре бермей арасында ұрсып, ренжіитін жағдайда ренжіп айтып тастауым керек екен", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2135907-densaulygyma-ziian-eken-zhazira-baiyrbekova-ozi-zhaily-el-bilmeitin-zhaitty-aqtardy/