Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте қуаныштымын": Тамара Асардың жақындары оны туған күнімен ерекше құттықтады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Тамара Асар жақындарымен
Тамара Асар жақындарымен. Фото: Instagram/tamara_assar_official

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Тамара Асар 48 жасқа толды. Өнер иесін бірінші болып, өз отбасы құттықтаған. Әншінің күйеуі мен ұлы түсірілім алаңына арнайы барып, оған ерекше тосынсый жасаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тамара Асар жақындары өзіне қандай тосынсый жасағанын Instagram-дағы парақшасында көрсетті. Эстрада жұлдызы түнгі уақытта түсірілімде жүргенде күйеуі мен ұлы құттықтап келіп, оған үлкен гүл шоғын тарту еткен.

Өнер иесі ерекше отбасылық сәттен фото мен видео жариялап, елдің ыстық ықыласына ие болды.

"Шырқа Қазақстан" жобасының түнге дейін созылған түсірілімінің алғашқы күні туған күнмен жалғасты. Жаңа жасымды жақындарым осылай құттықтады. Өте қуаныштымын. Рақмет. Шүкір еттім", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары құттықтау легін жалғастырып, шоу-бизнес жұлдызына ақ тілегін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2135913-ote-quanyshtymyn-tamara-asardyng-zhaqyndary-ony-tugan-kunimen-erekshe-quttyqtady-foto-video/