Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миы шайқалып, ота жасатты": Ләйлә Сұлтанқызы атпен шабатын қыздарға үндеу жасады (видео)

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көмекшісі ауруханаға түскенін хабарлады. Ақпарат өкілінің сөзінше, ол атпен шабамен деп қатты құлап, миы шайқалған. Осы орайда медиа маман атпен шабуды трендке айналдырған аруларға үндеу жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы көмекшісінің қазіргі жағдайын Instagram-дағы парақшасында айтқан. Аттан қатты құлаған бойжеткенге бүгінде ота жасалған.

"Соңғы екі күнде Еркежанмен мың рет хабарласқан шығармын. Тіпті түсімде де жағдайын сұрап жүрмін. Атқа мінуді немесе шабуды жақсы көретін қыздар, жақындаңдар! Бұлай жасауға болмайтынын айтып беремін. Еркежанның фотосын көргенде қатты шошып кеттім. Осыдан бірнеше күн бұрын достарымен атқа шабуға барған. Сол жерде аттан құлап, жарақат алды. Мидың шайқалуы диагнозы қойылды, беттің бәрі жырылды. Ота жасалды. Бірінші рет атпен шауып тұрған жоқ. Еркежан осыған дейін шауып жүрген атына отырған. Оның үстіне қандай жағдай болмасын жауапкершілікті өзіме аламын деген құжатқа қол қойған. Осы жолы қатты құлап, бәрімізді қорқытты", - деді Тележүргізуші.

Сонымен қатар ақпарат өкілі бүгінде атпен шабуды трендке айналдырған қыздарға үндеу жасап, барынша сақ болуға шақырды.

"Құрметті арулар, қазіргі уақытта атпен шабу трендке айналып кеткен. Ол өте жақсы, денсаулыққа да пайдалы. Бірақ ең бірінші кезекте қауіпсіздік болу керек. Атқа мінерде киетін баскиімі, беліне тағатын, байлайтын дүниелері болуы керек. Одан кейін тексерілген атқа отырыңыздар. Одан кейін заңды жұмыс істейтін орталыққа барған дұрыс", - деді Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136009-miy-shaiqalyp-ota-zhasatty-laila-sultanqyzy-atpen-shabatyn-qyzdarga-undeu-zhasady-video/