Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегіңіз езіліп жатыр-ау": Гүлзира Айдарбекова қамаудағы ұлына тағы бір жазба арнады

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Видеодан кадр: Instagram/gulziraaidarbekova

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова қамауға жатқызылған ұлы Қайрат Нұртас туралы тағы бір жазба жариялады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында әншінің сахнадағы сәттерін көрсетіп, видео жариялады.

Айта кетейік, продюсер Қайрат Нұртас қамауға тоғытылғалы бері тыңдарманға түрлі жазба арнап жатыр. Ол ұлының жүріп өткен жолы мен адалдығын айтып, жұрттың ықыласына бөленіп жүр.

"Алла амандық берсін! 100 жасап, екі дүниенің бақытын көруін жазсын! Бүгініңді өткеннің уытымен, келешектің елесімен улама. Бүкіл әлем – таңның атуы мен күннің батуы, елдер мен кенттер, мұхиттар мен теңіздер, кездесулер мен қоштасулар – сенің жүрегіңде!" - деп жазды продюсер осы жолы.

Ал мұны көрген көпшілік Қайрат Нұртастың анасына қолдау білдірді.

"Қайраттың барлық әні жүрекке жетеді ғой, шіркін", "Көп уайымға салынбаңыз, бастысы халықтың ықыласы бар", "Бәрі жақсы болады", "Ер жігіттің басынан не өтпейді", "Жаным-ау, балаңыз үшін жүрегіңіз езіліп жатыр-ау", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136165-zhuregingiz-ezilip-zhatyr-au-gulzira-aidarbekova-qamaudagy-ulyna-tagy-bir-zhazba-arnady/