Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепбергеннің ұлы киноға түсіп жатыр

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген мен ұлы Асқарәлі
Дина Төлепберген мен ұлы Асқарәлі. Видеодан кадр: instagram.com/ dina_tolepbergen

Отандық тележүргізуші Дина Төлепбергеннің ұлы киноға түсіп жатыр. Бұл туралы журналистің өзі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Дина Төлепберген Асқарәлі атты ұлы тұңғыш рет толықметражды киноға түсіп жатқанын айтып, оның видеосын жариялады.

"Сәлеметсіздер ме, достар. Біз қазір автобустамыз. Біз кино түсіруге бара жатырмыз", - дейді Асқарәлі Серік видеода.

Айта кетейік, қазақстандық танымал журналист Дина Төлепбергеннің күйеуі оған ерекше тосынсый жасап, қатты таңғалдырған еді. Жолдасы ол үшін кинотеатрдағы бір залды толығымен жалдаған.

"Достар, барлығыңызға сәлем! Менің жаңадан пайда болған бір күшті әдетім бар. Ол – түскі үзіліс кезінде кинотеатрға келу. Осы аптада екі фильм көрмекшімін. Оның біріншісі - қазақ рэпі жөніндегі Shulamah деп аталатын отандық кино, екіншісі – NASA-ның маркетингі туралы тарихи туынды.

Күйеуім маған тосынсый жасапты. Бүгін бүкіл залды мен үшін жалдапты.  Сондықтан да бүгін осы кинотеатрда бір ғана көрермен және үлкен экран. Романтика!", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2136186-dina-tolepbergenning-uly-kinoga-tusip-zhatyr/